Ақмола облысының полициясы жұмыс орнында зақым алу фактісі бойынша тергеуді бастады

Ақмола облысында жұмысшылардың кәсіпорында күйік алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қазанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне орталық аудандық ауруханаға Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны денесінің 70% күйігімен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Зардап шеккен адамның дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорында жұмыс істеу барысында денесіне зақым келгені анықталды‍.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізіліп жатыр.