Қарағанды облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ көші-қон полициясының қызметкерлері өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктердің тұтас бригадасын анықтады. Сондай-ақ көрші елдің азаматтары тиісті рұқсатсыз көкөніс өсірген.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта елден тыс экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалған жұмыс берушілер де жазаға тартылды.