25 қыркүйекте Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 ш. м. алаңда орын алды. Құтқарушылар өртті сөндіріп қана қоймай, жалпы саны 67 адамды эвакуациялады.
Алайда, оқиға орнында 70 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, оның 30 жастағы ұлы күйік алып ауруханаға жатқызылды.
“Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу”,- делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыдағы моншада өрт шыққаны хабарланған болатын.