СҚО-да полицейлер жергілікті тұрғынның хабары арқылы есірткіні жарнамалаған және сатты деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары жазылған граффити жазуларды бояу бойынша кезекті акция өткізді. Акция Петропавлдың шеткі аудандарының бірінде өткізіліп, 50-ден астам жазба боялды.
Акция барысында жергілікті кәсіпкер полицейлерге хабарласып, оның дүкенінің сыртында орналастырылған бейнекамераға есірткіні жарнамалайтын граффитиді салу процесі жазылып қалғанын хабарлады. Осы жазбаның арқасында Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны жедел түрде анықталып, ұсталды. Оның айтуынша, ол жақында қалаға келіп, 50-ге жуық граффити салып үлгерген.
– Күдіктінің жалдамалы тұрғын үйін тінту кезінде бояу құтыларынан басқа 160 грамм мефедрон және “α-PvP” синтетикалық есірткі, электронды таразы, буып-түю материалдары табылды. Қазіргі уақытта жас жігіт қамауда отыр. Ол есірткіні жарнамалап, насихаттады, сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сатты деген күдікке ілінді , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер атап өткендей, осындай жағдайларда азаматтардың қатысуы есірткі қылмысына қарсы күресте үлкен көмек болады. Егер есірткі жарнамасына қатысты жағдайлардың куәсі болсаңыз полицияға 8 (7152) 39-41-93, WhatsApp 8-707-500-96-65 немесе “102” арнасы арқылы хабарласуға болады.