Теміртауда жұмысшылардың өліміне байланысты тергеу шаралары қолға алынды

Теміртаудағы металлургия комбинатта екі жұмысшының қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 25 тамызда таңертең “Qarmet” АҚ-тың металлургиялық комбинаты аумағында шатырды бөлшектеу жұмыстары кезінде орын алды.

“Болған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі, яғни “Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеліп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды”, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Теміртаудағы металлургия комбинатында екі адам биіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмған.