Астанада полиция көліктен ұрлық жасаған қаскүнемдерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, оның көлігінен ұрлық жасалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, автомобиль тұрғын үйдің ауласында тұрған. Ер адам көлігінің есіктерін ашық қалдырып, өзі үйде болған.
“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері көліктің ішіне еркін кіріп, IPhone SE телефонын ұрлап, 120 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген екі жас жігітті анықтады.
Олар мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ жігіттердің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтады.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақтық шараларын қолдану қажеттігін ескертеді. Көліктерде құнды заттарды қалдырмаңыз, сонымен қатар есіктердің жабылуын мұқият тексеріңіз.