Павлодар облысында ата-ана міндеттерін орындамаудың 400-ден астам фактісі анықталды

Павлодар облысында ата-ана міндеттерін орындамаудың 400-ден астам фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірдегі ювеналды полиция қызметкерлері бақылаудағы отбасыларды тексеруді күшейтті.

– Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полицейлердің міндеті – жасөспірімдер тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен ішкі істер органдарында есепте тұрған балалардың ата-аналарына басты назар аударылады. Біз осал отбасыларды анықтау үшін рейдтер жүргіземіз және есепте тұрған отбасыларды тексереміз. Тұру жағдайларын тексереміз, жол бойында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық әңгімелер өткіземіз, заңнаманы түсіндіреміз. Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік кодекстер жайында айтамыз. Сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз, – деді Павлодар облысы ПД ювеналды полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын тәрбиелеу және қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 425 ата-ана жазаланды.

Мысалы Железин ауданында осал отбасы анықталды, онда ата-аналар үйде бөгде адамдарды жинайды және алкогольдік ішімдіктерді ішеді. Үйде антисанитариялық жағдай, балаларды тәрбиелеумен айналыспайды. Бұл отбасына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шығуы жүзеге асырылды. Отбасы профилактикалық бақылау жүргізу, отбасындағы қолайсыздықты түзету үшін есепке қойылды. Ата-аналарға қатысты ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ көршілермен, туыстармен әңгімелер жүргізілді, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары туралы акті жасалды. Ата-аналарға балаларды күтіп-бағу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды емдеу, жұмысқа орналастыру, анықтау бойынша құқықтық кеңестер және түсіндірмелер берілді.

Жазғы уақытта әсіресе жасөспірімдерде бос уақыт көп болған кезде, құқықтық тәртіп сақшылары жастар көп жиналатын жерлерде рейдтер жүргізетінін атап өтті. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 1489 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша балалар мен жасөспірімдер, ойын-сауық мекемелеріне сағат 22.00-ге дейін бола алатынын ескертеді. Көрсетілген уақыттан кейін тек ата-анасының сүйемелдеуімен бара алатынын еске салады. Қоғамдық орындарға да қатысты, заңды өкілдерсіз сағат 23.00-ден кейін тыйым салынады.