Екібастұзда шетелдік азаматтар еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған

Екібастұзда шетелдік азаматтар еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші елдің азаматтарын анықтады. Дәл осындай заң бұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды.

– Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция шетелдік азаматтарға көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.