Астанада арзан бағаға жиһаз сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан қағылды

Астанада арзан бағаға жиһаз сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны жиһаз сатып алу мақсатында күдікті жұмыс істейтін жиһаз дүкеніне кеңес алу үшін барған. Кеңес барысында ол ер адамға арзан бағаға жиһаз сатып алуды ұсынды.

Дүкен сатушысы 1 млн 455 мың теңге көлеміндегі қаражатты алғаннан кейін сатып алушымен байланысын тоқтатқаны анықталды. Кейіннен бөтен ақшаны жымқырған соң, ол жиһаз дүкеніндегі жұмысын тастап кеткен.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 27 жастағы күдікті анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.