Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің Алматы қаласындағы тергеу изоляторында радио ойнағыштың ішіне жасырын салынған телефондар тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған құқық бұзушылық тергеу изоляторында тергеу тұтқынында жатқан 29 жастағы азаматқа әкелген заттарды тексеру кезінде анықталды.
Алматы облысының Жетіген ауылының 22 жастағы тұрғыны тергеу тұтқынындағы танысына осындай қитұрқы жолмен бір VIVO және екі REDMI телефондарын және екі құлаққап өткізбекші болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу қамауына алынған Д. есімді тұтқынға жеткізілмекші болған тыйым салынған заттар тәркіленіп, аталған факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жаза қолдану үшін жинақталған материалдар Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.