СҚО-да қайталап қылмыс жасаған әйел есірткі өткізгені үшін 13 жылға сотталды

СҚО-да қайталап қылмыс жасаған әйел есірткі өткізгені үшін 13 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталды.

Интернациональная көшесіндегі оның тұрғылықты мекенжайында және Потанин көшесіндегі өзі есірткі жасырған орыннан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм мефедрон және “α-PvP” синтетикалық есірткілерін тәркіледі.

Қала тұрғыны наркологияда есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дүкеннен алғаннан кейін жеке тұтыну үшін өзіне қалдырғанын айтты. Осыған қарамастан, жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары оның аса ірі көлемде синтетикалық есірткілерді өткізуге қатысы бар екендігінің бұлтартпас дәлелдерін тапты.

Алынбаған соттылығы бар екенін ескере отырып, қала тұрғынының іс-әрекетінде қайталап қылмыс жасау белгілері байқалды. Мамыр айының соңында сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметтері бойынша жыл басынан бері облыста 21 кг 500 гр есірткі тәркіленді, оның ішінде 5 кг 220 грамы синтетикалық есірткілер.