Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғынына найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті Бұқара сайтының хабарлауынша, оқиға 2 маусым күні Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған. 45 жастағы марқұм бақташы болып жұмыс істеген. Оның өзі мінген аты мен жетектеген екі жылқысы да сол жерде өлген.
Қайғылы оқиға болған күні ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланып, құтқарушылар тұрғындарға үйде болуды ескерткен. Облыстың бірқатар ауданында нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай түскен.
Әзірге, мемлекеттік органдар бұл оғиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.