Оралда мас жолаушы полицияға шабуыл жасады

Оралда көліктегі мас жолаушы полицейлерге кедергі келтірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сараптама нәтижесі бойынша Lexus жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.