Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт кезінде зардап шеккен жас краншы әйел 80 пайыз дене күйігін алып, комаға түсті. Бұл жайлы Павлодардағы №1 қалалық аурухананың баспасөз қызметі айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зауыттағы төтенше жағдай 24 мамырда болды, жұмыс кезінде екі кран машинисі термиялық күйік алды.
“25 жастағы науқас 25 мамырда №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Өндірістік жарақат нәтижесінде оның денесі 80-85 пайызын термиялық күйіп қалған. Басы, беті, мойны, денесі, қолдары мен аяқтары күйген. 3-4 дәрежелі күйік шокы. Қыз реанимация бөлімінде, комада”, – деп түсіндірді Павлодардың №1 қалалық ауруханасында.
Десе де, компанияда болған оқиғаның егжей-тегжейлігін әлі хабарланған жоқ. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын арнайы комиссия анықтайды.