Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.Команда құрамында Астана қаласының спортшысы Эдуард Ким өнер көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Техникалық бағдарламада қазақстандық дуэт (Эдуард Ким/Наргиза Болатова) 216.3250 балл алды.Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпайға ие болса, Испания құрамасы (Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена) 198.8417 балл еншіледі.Естеріңізге салсақ, 1 ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогының кезеңінде Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс жүлдегер атанған болатын.