ШҚО-да полиция тұрғыннан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел уәкілдер үйінде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер қаласының тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде салмағы 7200 грамнан асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі картон қорап пен екі қағаз орамасына салынған қара пакет, сондай-ақ есірткі құралдарын қолдануға арналған ыдыс тәркіленді.
Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес пакеттердің құрамы кептірілген марихуана екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіні ең жоғарғы 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.