Шымкентте “Қорғау” қосымшасы арқылы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Тәртіп сақшылары заң бұзушының басқаруындағы Hyundai Tucson туралы сигналды қызметтік планшетте орнатылған “Қорғау” бағдарламасы арқылы алды.
Полицейлер көлікті тоқтатып, ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.
Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.