Қызылордада 2 тоннадан астам күріш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары аясында қала аумағында 110 қап, яғни 2 тоннадан астам күрішті ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.
Оқиға 28 ақпан күні сағат 00:10 шамасында болған. Күдіктілердің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қоймасынан 1 млн 237 мың теңгені құрайтын Лидер күрішін ұрлап жатқандығы камераға түсіп калған. Жедел уәкілдердің кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде 18 жастағы қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.