Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

17 сәуір таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.

Ал, Астанадағы Nomad жанар-жағармай құю бекеттері желісіндегі жанармай бағасының алматылық бағадан айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92-тің литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизельдің литрі 295 теңге.

Сондай-ақ Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінде де жанармай бағасы көтерілді.