Президентке «Автокөлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жерден материалдарды сақтандыру компанияларына беру» жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктер заңдастырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осыған орай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті оңтайландыру үшін өтінім қабылдауға арналған онлайн-сервис әзірленді.  

Көлік құралына тексеріс түгелдей автоматты режимде жүргізіледі.  

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен және «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бірлесіп, жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды төлем жасау үшін сақтандыру компанияларына онлайн беру жобасын жүзеге асырды.