Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Каноэ есуден ақтық жарыста спортшылар Қазақстанға төртінші алтынды әкелді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алған болатын. Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова және Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова күміс медальдан алды.
Жекелей сында Кирилл Тубаев пен Тимофей Емельянов қола жүлдегер атанды.