Санаулы күндерден кейін Оңтүстік Кореяда алауы тұтанатын қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің Көк Туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды. «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Аталған спортшылар жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы жеңіске деген жігері үшін таңдалды.
Он сегіз жасар Кристина Шумакова конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Әлем Кубогының итальяндық кезеңінің күміс жүлдегері. Он жеті жасар Ерасыл Шыңғысхан шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.
«Бұл – мен үшін өте әсерлі сәт. Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында Қазақстанды таныстыру – абыройлы міндет қана емес, үлкен жауапкершілік. Мен жарыс жолында бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Төрт жылдықтың басты додасына қатысатын әрқайсымыз Олимпиада медалін жеңіп алғымыз келеді және бұл Ойындар біздің осы мақсатқа жету жолындағы тамаша мүмкіндігіміз», – деп өз әсерімен бөлісті Кристина Шумекова.
Олимпияда ойындарына дайындық бойынша штаб басшысы Елсияр Қанағатов ту ұстаушылардың дұрыс таңдалғанына сенімді екенін жеткізді: