Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады Антикордан.
Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір бұл қызметке өткен жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді.