Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-қарашада 16 793,1 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,7% артты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11 436,9 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,7% жоғары болды.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлес:
Азық-түлік тауарлары – 32,4%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 67,6%.