Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,36 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 445,24 теңге.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңге, сатып алу құны – 446,5 теңге. Ресей рублі 4,83-4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.