“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар түсті

“Ұлттық қор-балаларға” бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар  түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі “БЖЗҚ” АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар).

Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.