Ғылым мен технология – қаланың даму негізі: «Әділет» партиясының кандидаттары ғылыми орталық ұжымымен кездесті

Басқосуда ғылым мен технологияны дамыту, инновациялық әлеуетті арттыру және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды. 

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Медеу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және ғылыми орталықтың қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Заманауи технологияларды енгізу, ғылыми бастамаларды қолдау, мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Жанна Асанова ғылыми әлеуетті дамыту мен зияткерлік меншікті қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

«Ғылыми-зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер – заманауи экономиканың маңызды құрамдас бөліктері. Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, зияткерлік меншікті қорғауға және ғылыми қызмет нәтижелерін тәжірибеде қолдануға қолайлы жағдай жасау ерекше маңызға ие. Алматының ғылыми және зияткерлік әлеуеті жоғары. Сондықтан ғылыми қауымдастық, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, мамандардың кәсіби өсуіне және перспективалы ғылыми әзірлемелерді іске асыруына мүмкіндік беру маңызды», – деді Жанна Асанова.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде орталық қызметкерлері ғылым мен технологияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді