Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрестің 3 түрінен Қазақстан командасы 1 күрес, 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер:
Нұрқожа Қайпанов (-74 кг, еркін күрес)
Исхар Құрбаев (-55 кг, грек-рим күресі)
Айдос Сұлтанғали (-60 кг, грек-рим күресі)
Бағдат Сабаз (-67 кг, грек-рим күресі)
Зейнеп Баянова (-50 кг, әйелдер күресі)
Осылайша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 15-сатыға тұрақтады.
Жалпы, күрестің 3 түрінен елордадағы чемпионатқа 135 елден 900-ден астам спортшы қатысты.
Биыл Астана күрес түрлерінен әлем чемпионатын 2-рет қабылдады. Осыған дейін 2019 жылы үздіктер дәл осы «Барыс Арена» бозкілеміндерінде анықталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.






