“Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы “Қайрат” футбол клубының баспасөз қызметі жариялады.
“Қайрат” ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, “Қайрат” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуді шешкен. Клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды.
“Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырды.
2025 жылы оның жетекшілігімен “Қайрат” Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды”, – деп жариялаған клубтың Instagram-дағы парақшасында.





