Дастан Сәтпаев «Вулверхэмптонға» қарсы матчта көзге түсті

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінде «Вулверхэмптонға» қарсы өткен кездесуде ерекше белсенділігімен көзге түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптонды» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудің 20-минутында Джейми Варди есеп ашты. 39-минутта Фернандо Лопес таразы басын теңестірсе, 72-минутта Таванда Чирева қонақтарға жеңіс сыйлады.

Дастан Сәтпаев матч барысында қарсылас команданың ойыншысы Шон Нивтің сары қағаз алуына себепкер болды. Қазақстандық футболшы 15 рет допқа тиіп, 9 дәл пас берді. Сондай-ақ екі жекпе-жекте жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін «Вулверхэмптон» турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Бернли» 24 команданың арасында 21-орында тұр.

«Бернли» келесі кездесуін 24 қазанда «Линкольнге» қарсы өткізеді. Ал 31 қазанда өз алаңында «Портсмутты» қабылдайды.