Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

74 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финалда отандасымыз Пәкістан балуаны Инаят Уллахты жеңді.

Енді Нұрқожа Қайпанов ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Хан Дэ Гильмен белдеседі.