Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Сотаро Фудзиварамен күресті. Нәтижесінде, жапониялық балуан жеңіске жетті.
Ал Әділет Алмат дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші күміс медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Елдос Сметов (60 келіге дейін) күміс медаль алған еді.








