Дэйзи Джепкемей Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дэйзи Джепкемей Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азиаданың ақтық бәсекесінде сынға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы 10 000 метрге жүгіруден финалда төртінші орын алды. Дэйзи қашықтықты 33:03.21 уақытта жүгіріп өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Винфред Яви (Бахрейн) бәсекеде топ жарды – 32:39.18. Жапониялық Нодзоми Танака екінші орын алды – 32:41.54. Ал үндістандық Сима қола жүлдегер атанды – 32:50.05.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.