Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде, 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды – 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды – 14.566.








