Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарының ширек финалына шықты

Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші кездесуін үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасына қарсы өткізді. Ойын 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Бұған дейін қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Қытайға қарсы матч топтағы бірінші орын иегерін анықтады. Ширек финалдық ойындар 20 қыркүйекте өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.