Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қорытынды тізімге 30 спортшы енді.
Ерлер
– Георгий Шейко (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
– Шадрак Кимутаи (марафон);
– Иван Иванов (ядро серпу);
– Алексей Хлыстов (найза лақтыру);
– Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру);
– Максим Фроловский (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
– Андрей Соколов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
– Михаил Литвин (аралас 4×400 м эстафета);
– Эльнор Мухитдинов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
– Вячеслав Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
– Ефим Тарасов (аралас 4×400 м эстафета).
Әйелдер
– Ясмина Тоқсанбаева (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
– Кристина Морозова (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
– Эльмира Калимуллина (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
– Нора Джеруто (3000 м кедергілер арқылы жүгіру, 5000 м жүгіру);
– Дейзи Джепкемей (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
– Аделина Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
– Мария Шувалова (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
– Александра Залюбовская (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
– Аяна Болатбекқызы (800 м жүгіру, 1500 м жүгіру);
– Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
– Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);
– Мария Ефремова (үш қарғып секіру);
– Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру);
– Полина Иванова (сырықпен секіру);
– Анна Черкашина (сырықпен секіру);
– Алина Чистякова (жетісайыс);
– Софья Киденко (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
– Анна Шумило (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
– Милана Зубарева (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета).
Айта кетейік, Азиадада жеңіл атлетика жарыстары 24-29 қыркүйек аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









