Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Дәурен Жұматайұлы Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысында дүниеге келген. Ол Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Юрий Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.
Әскери қызметін Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған. Кейін Талдықорғандағы авиациялық базада, Шымкенттегі авиациялық базада және Қарағанды авиациялық базасының штабында түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2022-2024 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Ержан Сапарбекұлы Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Қылмыстық іздестіру басқармасында жедел уәкіл болып бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, бөлім және басқарма басшысы сияқты қызметтерді атқарды.
Әр жылдары Риддер және Өскемен қалалары полиция басқармаларының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департаментінің басшысы және көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметтерінде болды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.









