Қазақстан әйелдер құрамасы U19 санатында «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас санатындағы эстафеталық жарыста ерлер құрамасы екінші қола жүлдені ел қоржынына салды.
Қазақстандық спортшылар құздан сырғанаудың үш түрі бойынша сынға түсті. Ересектер арасындағы бәсекеде ең жоғары нәтижені «жылдамдық» бағдарламасында ширек финалға дейін жетіп, 8-орын алған Алина Львова көрсетті. Ерлер арасында осы санатта Роман Курассов 9, Рашид Хайбуллин 10, Әлихан Татамбай 11 және Дмитрий Ананьев 14-орынға тұрақтады. Ал қыздардан Арина Новицкая 9, Виктория Ильницкая 13, Ралина Абдулова 14-орынды місе тұтты.
U17 жасөспірімдер арасында «жылдамдық» санатында Давид Кононов 12, Арсений Тен 15, Вадим Сагинтаев 19-орын алды. Қыздардан Таиссия Носкова 14, Амели Асқарова 17, Анастасия Андриенко 19, Анастасия Выродова 21-орынды иеленді.










