«Әділет» партиясының кандидаттары солтүстік өңірдегі тұрғындардың нақты мәселесін талқылады

«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында University Medical Center корпоративтік қорының Ана мен бала орталығының ұжымымен кездесу өтті. Басқосуда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағыттары талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Жұлдыз Данбаева, партияның Астана қалалық филиалы хатшысының орынбасары Мария Мұхтарқызы, кандидаттың сенімді өкілі Нәжен Сәрсембеков, сондай-ақ University Medical Center корпоративтік қорының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Пя қатысты.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі бастамалар таныстырылды. Атап айтқанда, ана мен бала денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу мен ерте диагностиканы дамыту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, заманауи емдеу және оңалту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

Профессор Юрий Пя медицинаның дамуы білікті маман даярлау мен сапалы білімге тікелей байланысты екенін атап өтті. 

«Сапалы медицинаның негізі –  мықты білім мен білікті маман даярлау. Қазақстандағы медицина мектептерін қолдап, жас дәрігерлердің кәсіби өсуіне, ғылымның дамуына және тәжірибе алмасуына жағдай жасау маңызды. Медициналық білім беру жүйесі неғұрлым мықты болса, халыққа көрсетілетін көмектің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Сондықтан білім мен кадр даярлауға салынған инвестиция –  ең алдымен адам денсаулығына салынған инвестиция», – деді Юрий Пя. 

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, орталық мамандары медицина саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті. Қатысушылар көтерілген ұсыныстарды жүйелі түрде қарастырып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде медицина қызметкерлерімен тұрақты диалог жүргізудің маңызын атап өтті.

СҚО көпбейінді ауруханасында медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды

Медицина қызметкері – бұл жай ғана мамандық емес, адамның өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік. «Әділет» партиясы өкілдерінің Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының ұжымымен кездесуінде медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, еңбек жағдайларына және кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасауға ерекше назар аударылды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Қалия Төренова және партияның сенімді өкілдері Юрий Белоног, Айгүл Нұрпейісова мен Мамадияр Байғұлов ұжымға «Әділет» партиясының денсаулық сақтау саласына қатысты сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін таныстырды. Партияның басты ұстанымдарының бірі – медицина мамандығының беделін арттырып, білікті мамандардың өз елінде кәсіби дамуына және мансап құруына қажетті жағдай жасау.

Бағдарламада медицина қызметкерлерінің мәртебесін нығайту, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, мамандарды даярлау сапасын арттыру және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл әсіресе жоғары жүктемемен, оның ішінде ауысымдық жұмыс кестесімен еңбек ететін дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері үшін маңызды.

«Медициналық көмектің сапасын арттыру туралы айтқанда, әрбір дәрігердің, мейіргердің және басқа да мамандардың артында күн сайын үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген адам тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан медицина қызметкерінің мәртебесі оның осы жауапкершілігіне сай болуы тиіс. Маман өзінің кәсіби өсу мүмкіндігін көріп, лайықты еңбек жағдайына ие болуы және еңбегінің мемлекет пен қоғам тарапынан шын мәнінде бағаланатынын сезінуі маңызды», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Қалия Төренова.

Кездесуде кәсіби даму мәселелері де жеке талқыланды. Партия өкілдері заманауи денсаулық сақтау жүйесі білім мен дағдыларды үнемі жаңартып отыруды талап ететінін атап өтіп, медицина қызметкерлерінің оқуы мен біліктілігін арттыруына нақты мүмкіндіктер болуы қажет екенін айтты.

Қалия Төренова медицина қызметкерлерін «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, Құрылтай депутаттарын сайлауда партияны қолдауға шақырды.

«Әділет» кандидаттары тұрғындармен жол мәселесін талқылады

Аулаларды абаттандыру, жолдардың жағдайы, медициналық көмектің қолжетімділігі, отбасыларды қолдау және қалалық қызметтердің жұмысы – Петропавл тұрғындары «Әділет» партиясының кандидаттарына «Есіктен есікке» акциясы мен мобильді үгіт топтарының жұмысы барысында осы мәселелер туралы жиі айтты.

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ольга Перепечина, Ульяна Әшімова, Елена Семидоцких және Айымгүл Әбилева бір күн бойы қала тұрғындарымен аулаларда, Қазақстан Конституциясы даңғылында және сайлаушылардың аманаттарын қабылдау пунктінде кездесті. Біреулер мобильді топтың жанына бірнеше минутқа тоқтап, сұрағын қойса, енді біреулер өз үйі немесе ауданының мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ал үгіт шатырында тұрғындар сайлауалды бағдарламамен танысып, өз өтініштерін қалдыра алды.

Сұрақтардың басым бөлігі отбасыларды қолдауға қатысты болды. Тұрғындар ата-аналарға көрсетілетін қолдау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және отбасылардың тұрмыстық әрі қаржылық қиындықтармен жалғыз қалмауына жағдай жасау туралы сұрады. Осы ретте кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында бекітілген әлеуметтік ынтымақтастық және атаулы қолдау қағидаттары туралы айтып берді. Бағдарламадағы бұл тәсіл әлеуметтік саясатты тек төлемдермен шектемей, адамның мүмкіндіктерін кеңейтуге және лайықты өмір сүру деңгейін сақтауға бағыттауды көздейді. Қала тұрғындары медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді де көтерді.

Бір ғана шарамен шешу мүмкін емес мәселелер де айтылды. Олардың қатарында коммуналдық қызметтердің жұмысы, сондай-ақ нақты үйлер мен көшелерге қатысты өтініштер бар. Мұндай жағдайда кандидаттар бірден шешім шығаруға уәде бермей, өтініштерді тіркеп, олардың қайсысы жүйелі жұмысты қажет ететінін түсіндірді. Бұл тәсіл партия ұстанған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келеді. Яғни, азаматтардың пікірі формалды рәсім болып қалмай, шешім қабылдау үдерісінің бір бөлігіне айналуы тиіс.

«Біз аулаларды аралап немесе көшеде адамдармен сөйлескенде, олар мемлекет дамуы туралы абстрактілі түрде айтпайды. Олар: ауламызға балалар алаңы керек, мына жерде жол нашар, дәрігерге қаралу қиын, үйдің жанында жарық жеткіліксіз дейді. Осындай нақты мәселелердің жиынтығынан ортақ күн тәртібі қалыптасады. Сондықтан біз үшін бағдарламаны жай ғана таныстырып қоймай, оның ережелері адамдардың күнделікті өмірімен қалай байланысты екенін көрсету маңызды», – деді кандидат Елена Семидоцких.

Сонымен қатар тұрғындардың тек сұрақ қойып қана қоймай, партия бағдарламасымен өз бетінше танысуына да мүмкіндік болды. Қазақстан Конституциясы даңғылындағы аманаттарды қабылдау пунктінде кандидаттар мен штаб өкілдері күн сайын азаматтарға кеңес беріп, ұсыныстарын қабылдап, «Әділет» бағдарламасының жекелеген бағыттарын түсіндіреді.

«Біз күн сайын адамдар көп жүретін жерде жұмыс істеуді әдейі таңдадық. Әр адам арнайы кездесуге немесе қоғамдық қабылдауға бара бермейді. Бірақ көшеде шатырды көріп, сұрағы болса, кез келген адам тоқтап, сөйлесе алады. Біз үшін бағдарламаның қағаз жүзінде ғана емес, тұрғындармен тікелей әңгіме барысында да қолжетімді болғаны маңызды», – деді кандидат Ульяна Әшімова.

«Өз үйінің маңында не болып жатқанын тұрғындардың өздері жақсы біледі. Сондықтан мұндай өтініштерді мұқият тіркейміз. Егер мәселе нақты бір көше немесе аулаға қатысты болса, оны бір бағытта қарастыру қажет. Ал проблема бүкіл қалалық жүйеге қатысты болса, оған кеңірек қарау керек. Осы мәселелердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмау маңызды», – деп қосты кандидат Айымгүл Әбилева.

Азаматтармен адресаттық жұмыс күн сайын жүргізіледі, ал тұрғындардың ұсыныстары кейінгі пысықтау үшін тіркеледі. Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай формат қала тұрғындарының күнделікті сұраныстарын сайлауалды бағдарламаның бағыттарымен салыстырып, қай мәселелерге бірінші кезекте назар аудару қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.

«Әділет» қандай шешімдер ұсынады?

Петропавлда «Әділет» партиясы өкілдерінің «ПВЗ» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті. Кәсіпорын қызметкерлері күнделікті өмірге тікелей қатысты мәселелерді, атап айтқанда, жұмыспен қамту, табыс, отбасыларды қолдау, абаттандыру және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында депутаттыққа кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері бұл мәселелердің «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты ұсыныстармен қамтылғанын атап өтті. Атап айтқанда, партия ресми еңбек қатынастары мен әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған 1 миллион сапалы жұмыс орнын құруды мақсат етіп отыр. Экономиканы дамыту үшін орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту және бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту ұсынылады.

Бағдарламада отбасыларды қолдауға да жеке басымдық берілген. Атап айтқанда, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшаға орналастыру кезегін толық жою, ал үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналар үшін жұмыс орны мен табысын сақтай отырып, ыңғайлы жұмыс кестесін немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар тұтынушылық кредит беру шарттарын әділеттірек ету, қосымша комиссияларды қысқарту және берешекті реттеудің түсінікті тетігін енгізу көзделген.

Құрылтай депутаттығына кандидат Ольга Перепечина және партияның сенімді өкілдері Вадим Мусин, Владимир Козлов, Тимур Айтуллин мен Рүстем Әлибеков ұжымға бағдарламаның осы және басқа да ережелерін таныстырып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді және қала мен өңірді дамытуға қатысты ұсыныстарын талқылады.

«Адамдар өз мәселелерін айтқанда, жалпы сөздермен шектелмеу маңызды. Бүгінде кездесулер барысында көтеріліп жүрген көптеген мәселеге біздің бағдарламамызда нақты шешімдер қарастырылған. Олар – жұмыс орындарын құру мен отбасыларды қолдаудан бастап, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен қалалық ортаны дамытуға дейінгі бағыттарды қамтиды. Сондықтан біз үшін бағдарламаны таныстырып қана қоймай, ұсынылып отырған шаралардың адамдардың күнделікті өмірін қалай өзгерте алатынын түсіндіру де маңызды», – деді Ольга Перепечина.

Сонымен қатар бағдарламаның өзі азаматтардың нақты ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Оны дайындау барысында тұрғындардың ұсыныстары цифрлық платформалар мен QR-кодтар арқылы жинақталып, стратегиялық сессиялар мен әлеуметтік зерттеулер жүргізілді, сарапшылар мен бейінді мамандардың пікірлері талданды.

«Біз сайлауға нақты мақсаттары мен сол мақсаттарға жету тетіктері көрсетілген бағдарламамен барамыз. ТОО «ПВЗ» қызметкерлерін «Әділет» партиясының ұсыныстарымен танысып, біздің партияны қолдауға және адамдардың нақты қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдер бағытын таңдауға шақырамыз», – деп атап өтті Ольга Перепечина.

Айбастың айтары бар

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мұса Хайруллиев пен облыстық сайлауалды штаб мүшелері шалғай елді мекендерді аралау барысында Исатай ауданындағы Айбас ауылына барды.

Сапардың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарымен тікелей жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстыру. Кездесуде ауыл тұрғындарына партияның экономикалық және әлеуметтік бағыттағы басымдықтары түсіндіріліп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

– Айбас – аудан орталығынан шалғай орналасқанымен, ел өмірінен шет қалған ауыл емес. Мұнда да еңбек етіп, бала тәрбиелеп, ауылдың болашағына алаңдап отырған тұрғындар бар. Бүгін біз Айбасқа дайын жауаппен емес, халықтың өзінен мәселенің мәнін білу үшін келдік. Тұрғындар ауылдың тыныс-тіршілігін, шешімін күткен мәселелерін ашық айтты. Мұндай ұсыныстар – жай ғана пікір емес, алдағы жұмыстың нақты бағытын айқындайтын маңызды дүние. Шалғайдағы әр ауылдың дауысы естілуі керек, өйткені елдің дамуы орталықтан ғана емес, осындай ауылдардан басталады, – деді Мұса Хайруллиев.

Айта кету керек, Айбас ауылы орналасқан ауданның тарихы терең. Аудан 1928 жылы құрылған. 1990 жылы Құрманғазы және Махамбет аудандарының жер телімдерін қосу негізінде қайта құрылды. Бүгінде ауданның жалпы аумағы – 14,7 мың шаршы шақырым. Аудан орталығы – Аққыстау ауылы.

Ауыл-аймақты аралау барысында партия өкілдері әр елді мекеннің өзіндік ерекшелігі мен өзекті мәселелері бар екеніне назар аударды. Сондықтан жергілікті жердегі ахуалды көзбен көріп, тұрғындармен тікелей сөйлесу – сайлауалды жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.

«Әділет» партиясы өкілдерінің пікірінше, шалғай елді мекендердің мәселесі де ел дамуының ортақ күн тәртібінен тыс қалмауы керек. Халықпен ашық диалог орнатуға бағытталған кездесулер сайлауалды науқан аясында үздіксіз жалғасып жатыр.