Бұл туралы «Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай Алматы облысындағы Galanz Bottlers АҚ ұжымымен кездесуі барысында айтты.
«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Алматы облысына жұмыс сапары – ел аймақтарын аралау аясындағы 15-өңір.
Әлеуметтік жауапкершіліктің нақты үлгісі: қызметкерлерге 150 пәтер
Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне Galanz Bottlers компаниясының тәжірибесі мысал ретінде келтірілді. Компанияның құрылтайшысы Тұрсынғали Алагөзов биыл белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстанымы үшін «Парасат» орденімен марапатталған. Кәсіпорын бюджетке қомақты салық төлеп қана қоймай, қызметкерлеріне де қолдау көрсетіп келеді. Соңғы екі жылда компанияның қызмет көрсетуші персоналдан бастап желілік мамандарға дейін – 150 қызметкері тегін баспаналы болды (өткен жылы – 100 пәтер, биыл Шымкентте тағы 50 пәтер).
«Адамдарға осындай қамқорлық танытып отырғаны үшін Тұрсынғали Тұрымұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осындай әлеуметтік жауапкершілік туралы үнемі айтып келеді. Егер ірі кәсіпкер болсаң – өзіңе жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсет, қауіпсіз еңбек жағдайын жаса, лайықты жалақы төле және өмірлік мәселелерін шешуге көмектес. Мемлекет басшысының өзі жастарға, ғалымдарға, медицина қызметкерлеріне, спортшыларға, журналистерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және басқа да мамандарға мыңдаған пәтер бөліп, осыған үлгі көрсетіп отыр. Galanz Bottlers тәжірибесі отандық бизнестің бұл бастаманы қолдауға дайын екенін көрсетеді», – деді Айбек Дәдебай.
Еңбек адамын қолдауға және тұрақты дамуға бағыт
«Әділет» партиясы еліміздегі барлық ірі кәсіпорындардың басшыларын осы тәжірибеден үлгі алып, әлеуметтік қолдау бағдарламаларын және ESG қағидаттарын белсендірек енгізуге шақырды.
Кәсіпкерлермен тікелей диалог орнату үшін партия жанынан Бизнес кеңесі құрылды. Бизнестің ұсыныстары мен еңбек адамдарының сұраныстары негізінде «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Оның басты басымдығы – адам, оның қадір-қасиеті мен әл-ауқаты.
«Біз компания басшылығының бастамасын қолдап, бүкіл қазақстандық бизнесті өз қызметкерлеріне инвестиция салуға шақырамыз. «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапты кәсіпорындарды әрдайым қорғайды және қолдайды. 23 тамызда баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, әділетті болашақ үшін дауыс беруге шақырамыз!» – деп атап өтті партия Көшбасшысы.
Партия бастамалары еңбек адамдарынан қолдау тауып жатыр
Партияның ұсыныстарын еңбек ұжымының өзі де қолдады. Қызметкерлердің айтуынша, бизнесті дамытуға және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бағдарламалар қатардағы мамандардың мүдделеріне тікелей жауап береді.
«Біз «Әділет» партиясының бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі мақсаттарымен танысып, оларды толық қолдаймыз. Бұл бастамалар ұжымға шынымен де жақын. Алдағы уақытта да Қазақстанның отандық бизнесін бірге дамыта береміз деп үміттенемін. Барша азаматтарды 23 тамызда келіп, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Galanz Bottlers АҚ құю цехының бастығы Марина Скрыпникова.
Іле ауданына сапар барысында штаб өкілдері «БЕНТ» фирмасы» ЖШС ұжымымен де кездесіп, отандық өндірісті кеңейту, жергілікті инфрақұрылым мәселелерін шешу және ESG стандарттарын енгізу мәселелерін талқылады.
Кездесулерді қорытындылай келе, Айбек Дәдебай өнеркәсіптің өсуі қазақстандықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етуі тиіс екенін атап өтті. Бұл әрбір қызметкерге лайықты жалақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту арқылы жүзеге асуы керек.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнадан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy









