Президент кубогы: Астанада теннистен халықаралық турнирлер сериясы өтеді

27 шілде мен 16 тамыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында Президент кубогы халықаралық теннис турнирлер сериясы өтеді. Жарыс аясында ATP Challenger Tour және World Tennis Tour турнирлері ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

27 шілде мен 9 тамыз аралығында World Tennis Tour W15/M15 турнирлері өтсе, 10 тамыздан бастап ATP Challenger 50 және World Tennis Tour W15 додаларының ойындары басталады.

Биылғы Президент кубогында Қазақстан атынан Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Іңкәр Дүйсебай, Сандуғаш Кенжібаева және Альбина Какенова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Президент кубогы Қазақстанда 1991 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал турнир 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды.

ҚР ҰОК мәліметінше, әр жылдары бұл жарыстың жеңімпаздары қатарында қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, хорватиялық Иван Додиг (Australian Open мен Roland Garros турнирлерінің жұптық сындағы чемпионы), қытайлық Чжан Шуай (жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы) және басқа да танымал теннисшілер бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.