Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.
Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.
ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды – 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды – 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді – 2:10.20.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.








