Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ширек финал жолдамасы үшін аргентиналықтар Мысыр құрамасымен кездеседі. Бұған дейін мысырлықтар Австралияны пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңген болатын. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесу 7 шілде күні Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Еске салайық, Аргентина 1/8 финалға Кабо-Верде құрамасымен өткен тартысты кездесуде жолдама алды. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталса, қосымша уақытта Лионель Месси бастаған команда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын 111-минутта Кристиан Ромеро соқты.








