Green Sm жүргізушілері компанияның Алматыдағы кеңсесінің алдында ереуілге шықты

Green SM кеңсесінің алдында ондаған наразы жүргізушілер жиналды. Олар төлем мәселелеріне, тапсырыстардың жетіспеушілігіне және әкімшілік тарапынан кері байланыс болмауына шағымданады. Басшылыққа арналған ұжымдық петицияға 100-ден астам қол жиналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізушілер GreenSm басшылығына ұжымдық үндеу дайындады. Интернетте таралған құжатта олар қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі мен жұмыс жағдайларын қайта қарауды сұрайды. Жүргізушілердің өздерінің айтуынша, хатқа 100-ден астам адам қол қойған.

Компания серіктестері өз үндеуінде қазіргі субсидиялау жүйесін сақтауды, бірақ көлік жалдауға арналған шегерімдерді азайтуды талап етеді. Олар сондай-ақ тұтынушыларға жеңілдіктер, бонустық бағдарламалар және маркетингтік науқандар шығындарын жүргізушілердің табысынан жабу идеясына қарсы.

Такси жүргізушілері қазіргі модель олардың табысын азайтып жатыр деп санайды. Олар ашық төлем жүйесі сапарлар санын көбейтуге, жолаушылардың күту уақытын қысқартуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектесетінін айтты.

Сонымен қатар жүргізушілер жағдайды басқа такси қызметтерімен салыстырды. Олардың айтуынша, балама агрегаторлармен 4-5 сағат жұмыс үшін 15 000-20 000 теңге табуға болады, ал GreenSm компаниясында табыс айтарлықтай төмендеді. Осыған байланысты кейбір тәжірибелі жүргізушілер бәсекелестерге ауысуды қарастырып жатыр.

Бейнежазбалардың бірінде көптеген такси тұрған тұрақ көрсетілген. Бейнежазба авторы оқиға орнына компания өкілдерімен кездесу үшін 40-тан астам адам келгенін айтады. Оның айтуынша, кейбір жүргізушілер көліктерін қайтаруға дайындалып жатыр, ал басқалары мәселені шешуге тырысып жатыр.

Тағы бір бейнежазбада бір топ ер адам кеңседе жұмыс мәселелерін эмоционалды түрде талқылап жатқаны көрінеді. Қатысушылардың бірі дүйсенбіден бері тек бес тапсырыс алғанын, көлік тарату жүйесіне наразылығын білдіргенін айтады.

Компания туралы

Green SM – 2023 жылы Вьетнамда құрылған такси қызметі. Компания электр көліктерін пайдалана отырып жолаушылар тасымалдауға маманданған. Компания Қазақстанға 2026 жылдың маусым айында кіріп, Алматыда жұмыс істей бастады. Бұл – Green SM компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы нарығы және Вьетнам, Лаос, Индонезия, Филиппиндер және Үндістаннан кейінгі алтыншы елі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.