Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алтын медальді ресейлік Роман Минеев иеленді – 54:31. Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Сондай-ақ Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтады (55:17). Максим Шмулич 26-нәтиже көрсетті (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтады (56:35).