Астана халықаралық ат спортының орталығына айналды

FEI аясында өткен жарыстар бір күннің ішінде конкурдың қарқынын, Challenge финалының тартысын және атпен мәнерлеп жүрудің әсем болмысын қатар көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аренада спортшылар үшін әр секунд, әр кедергі, әр қозғалыс шешуші мәнге ие болды.

CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасындағы №1 жарыс 125 см биіктіктегі бағыт бойынша өтті. Бұл сында спортшылар жылдамдық пен техниканы қатар ұштастырып, бағытты сенімді еңсеруге тырысты.

1-орын – Хуршидбек ӘЛІМЖАНОВ (CHAMPIONS LEAGUE)

2-орын – Бекжан БАЙЖАНҰЛЫ (KING DIAMOND)

3-орын – Ринат ГАЛИМОВ (D’ARTAGNAN Z)

4-орын – Ринат ГАЛИМОВ (KIRA VAN DE LAREN Z)

5-орын – Раиса СОКОЛЕНКО (CLUE GOLD)

FEI Jumping World Challenge Final 2026 аясындағы алғашқы іріктеу жарысы 115 см биіктікте өтті. Бұл бағытта спортшылардан тек жылдамдық емес, тұрақтылық, дәл есеп және әр кедергіні таза бағындыру талап етілді.

1-орын – Бекзод РОЗМУХАМЕДОВ (FLORIZELL)

2-орын – Бернардо КРАУС ГЕРРА (OLZA)

3-орын – Эйми КОЛЛИНСОН (HI DIARADO)

Күннің ең күрделі сынақтарының бірі – CSI-W FEI Jumping World Cup аясындағы №2 жарыс, BANK CENTER CREDIT EQUESTRIAN CUP Гран-приіне іріктеу бағыты болды. 140 см биіктіктегі маршрут спортшылардан барынша жинақылық, қарқынды дәл бақылау және атпен толық түсіністік талап етті.

1-орын – Олег СОКОЛЕНКО (CINDERELLA)

2-орын – Сергей ПЕТРОВ (NERO VAN’T PRINSENVELD)

3-орын – Олеся ЛУКИНА (CONTE RICO)

Challenge Final бағдарламасының екінші іріктеу жарысы 120 см биіктікте өтіп, бірінші орын үшін қайта секірумен ерекшеленді. Тартысты бәсекеде:

1-орын – Бекзод РОЗМУХАМЕДОВ (FLORIZELL)

2-орын – Нал ЗЕРУАЛ (SHAH)

3-орын – Бернардо КРАУС ГЕРРА (OLZA)

4-орын – Азам ТОЛИББАЕВ (ADMIRAL)

5-орын – Ануар ДОСМАИЛОВ (RAMBO)

Конкур жарыстарымен қатар, CDI 1* FEI Dressage бағдарламасындағы St. George сыны да көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл жерде жылдамдықтан гөрі ырғақ, дәлдік, жұмсақ басқару және ат пен спортшы арасындағы үнсіз үйлесім бағаланды.

1-орын – Алина ШЕВЦОВА (NOCITO DE MUZE)

2-орын – Екатерина КАРКАВЦЕВА (SANGRIA)

3-орын – Дарья ПОПОВА (GRAVER)

Бұл жарыстар Астанадағы халықаралық турнирдің спорттық мазмұнын айқын көрсетті. Бір аренада жылдамдық та, тәуекел де, сабыр да, әсемдік те тоғысты. Ең бастысы, бұл күн қазақстандық ат спортының халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдай алатын әлеуетін тағы бір мәрте танытты.