Уағдаластықтың жалғасы

Аталған Жол картасы Қазақстан Президентінің 2025 жылы 14-15 қараша күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдалас­тықтардың іс жүзіндегі жалғасы ретінде қабылданды.

Құжатқа өнеркәсіп, мұнай химиясы, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп ке­шені, туризм және «жасыл» энергия салаларын қамтитын жаңа жобалар енді.