Халық әртісі, актриса Меруерт Өтекешова ұлы Әл-Фарабидің қазасы туралы айтып, көзіне жас алды , – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, ұлы кішкентай кезінен ауырған.
“34 жаста еді. Үйленейін деп жүрген. Осыдан кейін жүректе жазылмас жара қалады. Күйзеліс болады. Бірақ мен барлығын түсінемін. Менің болмысымда әлсіздік көрсету жоқ. Ары қарай не істейтінімді ойландым. Қыздарым мен немерелерім бар. Оларға қамқорлық көрсетуім керек. Менің көмегім, мейірімім жақындарыма қажет. Өзімді қолға алып, өмір сүруді жалғастырамын. Ештеңеге қарамай жұмыс істеп, алға қарай жүре беремін”, – дейді актриса Майя Бекбаеваға берген сұхбатында.
Меруерт Өтекешова кенже қызы Томирис ағасының қазасын ауыр қабылдап, күйзеліске түскенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










