Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формаларын таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Adidas компаниясы UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жаңа жиынтықты дайындады.
Жаңа экипировка үйдегі ойындарға (сары түсті) және сырт алаңдағы (көк түсті) кездесулерге арналған екі жиынтықтан тұрады. Қазақстан құрамасы аталған бағдарлама аясында Adidas компаниясынан форма алған Еуропаның он ұлттық құрамасының қатарына енді. Ұлттық құрамалар жаңа формамен алдағы екі жыл бойы өнер көрсетеді.
Ұлттық құраманың жаңа формадағы алғашқы матчы маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы алаңға шығады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









