Қазақстан командасы Азия кубогында 6 медаль жеңіп алды

Еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Жүлдегерлер:

Алтын – Иван Чернухин мен Владислав Яковлев (әр спортшыда 1 ескектен, жұптық сын);

Алтын – 4 адамдық ерлер командасы (әр спортшыда 1 ескектен жұптық сын) Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин;

Күміс – Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев (жеңіл салмақтағы жұптық жарыс, қос ескек);

Күміс – Мария Чернец пен Екатерина Носкова жұбы (әйелдер арасында жеңіл салмақ);

Күміс – Артём Матусевич (жекелей сын, ерлер арасындағы жеңіл салмақ)

Қола – Роза Кеңес (әйелдер арасындағы жеңіл салмақ)

Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.

Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді. Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.